Кеңестің басты модераторы ҚКХП Бірінші хатшысы Аубакиров М.А. айтуы бойынша «Мемлекет мұндай көмек беруін аямауы тиіс. Біз еліміздің жас бүлдіршіндері мен қарияларына көмек көрсетуімізді көбейтуіміз керек деп айтады.»
Кеңеске балаларының жайын ойлап келіп отырған ата-аналар мен Денсаулық Министрлігінен арнайы шақыртылған адамдар қатысты.
Айта кететініміз, осы шара аутизм, ДСП, даун сырқаттарына байлынысты өткізіліп отыр. Ата-аналардың айтуы бойынша қаншама жылдар аралығында бірде-бір санаторийлік емдеу шараларына бармаған, аурухана қызметкерлері кезек күтіңіз деген сөздермен жылы жауып коя берген. Балаларға тиісінше дұрыс көмек көрсетілмей, емдеу шараларына қатысты ешқандай шешімдер қабылданбаған. Үкіметтің айтып келе жатқан уәделеріне сенген ата-аналардың шыдамы таусылып осындай қадамға барып отыр. Бос сөздерге сеніп, қимылсыз отыра бергеннен пайда жок екендігін түсініп, істеген жұмыстар дұрыс деп білеміз.
Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру жөніндегі департамент директоры Ахметниязова Л.М. ханымға бұл мәселеге байланысты сұрақтар қойылды. Оның жауабы бойынша бұл мәселе жан-жақты қарастырылып, толық қанды шешіледі деп сендірді халықты.