Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Вторник, 11 февраля 2020 13:50

ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің Жастар қанаты «Мамандық таңдау – табыс тарихы» іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл жолы коммунистерде полиция полковнигі Бекеш Исламова қонақ болды.

Мәртебелі мейман өзінің өмір жолы туралы баяндап, жылдар бойы жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Бекеш Исламова көпбалалы отбасында туған. Ауыл мектебін тәмамдаған соң, көркемдеуші болып жұмыс істеген. Бұған қоса екі жоғары оқу орнында қатар оқыған. Соңында әйелдер қауымы бара бермейтін саланы таңдаған.

Бекеш Исламова ІІМ органдарында ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелерімен айналысты. Дәлірек айтсақ, халықты құқықтық жағынан ақпараттандыруға атсалысты. Адал еңбегінің арқасында полковник шеніне дейін көтерілді.

– Полковник Бекеш Исламовада мемлекеттік, ведомствалық марапаттар өте көп, – дейді коммунистер.

Бекеш Исламова жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Қызметі, өмірі туралы баяндады. Оның айтқандарын әріптестері толықтырып отырды.

ҚР ІІМ Академиясы туралы арнайы фильм көрсетілді. Қатысушыларға тәртіп сақшыларын дайындайтын оқу орындары туралы толыққанды мәлімет жазылған кітапшалар таратылды.

AkmOblUspeh 3AkmOblUspeh 3AkmOblUspeh 3

Прочитано 41 раз
Другие материалы в этой категории: « ЗВЕЗДНЫЙ ПУТЬ ИСТОРИЯ КРАЯ ГЛАЗАМИ ОЧЕВИДЦЕВ »

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"