Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Вторник, 11 февраля 2020 13:53

ӨҢІР ТАРИХЫ КӨНЕКӨЗДЕР КӨЗІМЕН

Оцените материал
(0 голосов)

«Public talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясында ҚКХП Атырау облыстық комитеті өңірдің танымал адамдарымен кездесу өткізді. Оған партия Жастар қанатының белсенділері қатысты.

Бұл жолы жастармен дидарласуға облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешев пен Атырау қаласының қадірлі қарты, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, белгілі балықшы, 90 жастағы Константин Кулагин келді.

Константин Яковлевич өмірінің көп бөлігін балық шаруашылығы мен Каспий маңы өңіріндегі мұнай барлау жұмыстарына арнаған. Ол әлі күнге дейін Каспий мен Жайықты сақтап қалу үшін күресіп келеді.

– Ұзақ жылдар бойы біздің бірегей қорларымыздың қалпына келтірілмейтінін түсіну үшін үлкен сарапшы болудың қажеті жоқ. Адамдар ластаған Жайық өзені теңізге ағып, оны улап жатыр, – дейді ардагер.

Кездесуге келген меймандар Каспи өңірінің дамуы мен тарихына қатысты қызықты әңгімелер айтты. Өздерінің өмір жолымен бөлісті. Каспи теңізін сақтап қалудың жолдары туралы баяндады.

Ашық форматта өрбіген кездесуде жастар шақырылған қонақтарға көп сұрақ қойды. Тиісінше, толыққанды жауап алды. Жалпы, мұндай шаралардың танымдық және тәрбиелік мәні зор екенін атап өтуге тиіспіз. Мұндай кездесулер арқылы жастардың туған жерге деген құрметін арттырып, өмірге деген көзқарастарын өзгертуге болады.

AtirVstrVeterany 3AtirVstrVeterany 3

Прочитано 78 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"