Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Вторник, 11 февраля 2020 14:07

ТАБЫС СЫРЫ

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Алматы облыстық комитеті «Public talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясында Талдықорғанның ең танымал блогері Қайрат Абрахманмен кездесу өткізді. Кездесуге Қазақстан Коммунистік Жастар одағының өкілдері қатысты.

Жалпы, бұл жоба аясында табысты адамдармен еркін форматта ашық диалог орнату көзделген. Бұл жолғы шараның қонағы Инстаграмм, Фэйсбук және ВКонтакте секілді әлеуметтік желілердегі «Талдыкорганец» парақшасын құрушы Қайрат Абрахман атанды. Ол өзінің жазбаларында облыс пен қалаға қатысты жаңалықтар мен мәселелерді жариялап отырады. Қайрат интернет-блогинг саласындағы қадамдарымен, жетістіктерімен, тәжірибесімен бөлісті. Қатысушыларға ақыл-кеңесін айтты.

Ол Талдықорған қаласын және оның тұрғындарын жақсы көреді. Сол себепті әлеуметтік желілерде облыс пен қалаға қатысты контент жариялап отырады. Оның парақшалары талдықорғандықтарға қызықты екенін атап өткен жөн. Жазылушылар өңірде болып жатқан жаңалықтарды талқылайды, бір-біріне көмектеседі, ортақ іске жұмылады. Кездесуге қатысушылар құрметті қонаққа толғандырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды. Жастар ерекше тұлғамен кездесіп, дидарласқандарына ризашылықтарын білдірді.

Облыстық комитеттің екінші хатшысы, комитеттің Жастар қанатын басқарып отырған Олжас Ибраимов коммунист жастардың биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Бұл ретте, еріктілер жылы аясында ауқымды жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.

AlmatyObkPublTalks 3AlmatyObkPublTalks 3AlmatyObkPublTalks 3

Прочитано 76 раз
Другие материалы в этой категории: « СЕКРЕТ УСПЕХА КАК НАЙТИ СВОЙ ПУТЬ »

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"