Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Среда, 12 февраля 2020 09:34

ӘРКІМНІҢ ӨЗ ЖОЛЫ БАР

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің активі партия ардагері, коммунист Амандық Сәрсеновпен кездесу өткізді. Кездесуге партия Жастар қанатының өкілдері шақырылды.

Мақсат – өмірде, белгілі бір салада жетістікке жеткен, азаматтық позициясы жоғары білікті мамандарды жастармен жүздестіру болды.

Амандық Сәрсенов кездесу барысында өзі туралы, бала күнгі армандары туралы әңгімеледі. Ол Ново-Петровка ауылында туған. Мектепті тәмамдаған соң машинистің көмекшісі мамандығын игереді. Әскери міндетін атқарып келгеннен кейін Павлодар облысының бұрынғы Ермак қаласындағы спорттық техникумға оқуға түседі. Ұзақ жылдар бойы Оралдағы В.И.Чапаев атындағы кеме құрастыру зауытында спорт әдіскері болып жұмыс істейді. Кейін милицияға ауысады. Ол ІІМ органдарында зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Ортасына сыйлы, жұмысқа адал азамат болды. Амандық Сәрсенов зейнеткерлікке шықса да, белсенді өмір сүруді насихаттап келеді. Спортпен шұғылданады, салауаматты өмір салтын ұстанады. Қоғамдық істерден де қалыс қалмайды. ҚКХП қатарына қабылданды. Қазір облыстық комитеттің ардагерлер кеңесін басқарып отыр. Комитет ұйымдастырған барлық іс-шараға аянбай атсалысып келеді.

«Адам бір орында тұрып қалмауы керек. Әрдайым алға жылжып отыруы қажет. Өмірге мұң шағатын адамдарды түсінбеймін. Бәрі адамның өзіне, ниетіне байланысты. Ерік-жігерді жоғалтпау керек. Сонда өмірді кез келген жағдайда өз арнаңа қарай өзгерте аласың», – дейді Амандық Сәрсенов.

Жастар құрметті қонақтың әңгімесін ұйып тыңдады. Сұрақ қойды. Бұл мәнді әрі мазмұнды кездесу болды.

ZKOVstrechaPublict

Прочитано 14 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"