Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Среда, 12 февраля 2020 09:37

ЖАҚСЫ ҚАСИЕТ ЖАСТЫҚ ШАҚТА ҚАЛЫПТАСАДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Шығыс Қазақстан облыстық комитеті «Publik talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясында кездесу өткізді. Бұл жолы кездесуге өңірге танымал азамат, салауатты өмір салтын насихаттаушы Евгений Юдин шақырылды.

Ол ұзақ жылдар бойы шаңғымен, скандинавиялық жүріспен, көрнекті орындарға туристік саяхат жасаумен айналысып келеді.

Кездесу қонағы жастарға өзінің сүйікті ісі туралы айтты. Сондай-ақ қыз-жігіттерді дене шынықтыруға арналған секцияларға жазылуға шақырды.

– Табиғат аясында от жағып, гитарамен ән шырқау ерекше дүние. Жақсы қасиеттердің бәрі бала шақтан, жастық шақтан қалыптасады. Табиғатпен тілдесуден тартынбау керек, – деді Евгений Юдин.

Жастар қанатының белсендісі Максим Куликов тәжірибелі туристің айтқандарын қаперге алып, жастар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізуге уәде берді. Сонымен қатар облыстық комитеттің жас белсенділері шаңғымен серуенге шығуды жоспарлап қойды. Бұл серуенде жастарды Евгений Юдин бастап жүрмек.

Прочитано 17 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"