Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Среда, 12 февраля 2020 09:41

ЖЕТІСТІК АРМАННАН БАСТАЛАДЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

ҚКХП Ақтөбе облыстық комитетінің активі бизнесвумен, «Выгодный займ» микроқаржы ұйымында жұмыс істейтін Майра Садықовамен кездесу өткізді. Кездесуге жас коммунистер қатысты.

Жастарды қызықтырған сұрақ өте көп болды. Олар Майра Садықованың бизнес саласындағы пайым-пікірлерін ыждаһаттылықпен тыңдады. Оның жұмысына қатысты сұрақтар қойды.

– Мен жұмыс істеп жүрген салада да қиындықтар көп. Бірақ жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келген адам, тығырықтан шығар жолды да іздеп табады, – деді «Public talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасының қонағы.

Белгілі болғандай, кездесуге қатысқан жастардың дені кәсіпкерлікпен айналысқылары келеді екен. Сондықтан болар, кездесуде бизнес бастау, тәуекелдер мен нәтиже туралы көп дүние айтылды.

Облыстық комитеттің бірінші хатшысы Бота Дауылбаева мәртебелі мейманға сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

– Сіздер де ертең үлкен бизнесмен боласыздар. Сол кезде өздеріңізге ғана емес, тұтас елге пайда әкелуді санаға түйіп алыңыздар, – деді ол жастарға қарата айтқан сөзінде.

Прочитано 18 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"