Республика Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7. Тел.: +7 707 961 62 39, +7 (7172) 779175

Среда, 12 февраля 2020 09:44

ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ФОРМУЛАСЫ

Оцените материал
(1 Голосовать)

«Public Talks: өмір һәм табыс тарихы» жобасы аясында ҚКЖО-ның павлодарлық жастары өңірдегі табысты жас кәсіпкерлердің бірі Дияс Маратұлымен кездесу өткізді.

Дияс 2000 жылдардың басында Павлодар мемлекеттік университетінің заң факультетінде білім алды. Еңбек жолын банк қызметкері ретінде бастаған. Қазір өзінің құқықтық қызмет көрсететін жеке агенттігі бар.

Жобаны мейманы жеке тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлік жолы туралы баяндады. Кез келген жас кәсіпкер ретінде Диястың да басында бірнеше идея болған. Алайда оның бәрін жүзеге асыруға қаржы керек. Ол студент кезінде жеке агенттігі бар адаммен танысады. Алайда оның клиенттері аз еді. Дияс әлгі адамды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады және жерге қаратпайтынын айтады.

– Ол маған сенім білдірді. Осылайша мен Павлодар қаласының анықтамалығын қолыма алып, әрбір адамға қоңырау шалып, телефон арқылы консультация бере бастадым. Біздің агенттікке келуге шақырдым. Бір айдан кейін 17 клиент қосылды. Осылайша алғашқы табысым қолға тиді. Бастапқы кезең үшін осының өзі тамаша нәтиже еді, – дейді жас кәсіпкер.

Екі жылдан кейін жас заңгер жеке агенттігін ашады. Бүгінде оның өз командасы, өз мекемесі бар.

Дияс Маратұлының сөзінше, табыстың сыры істің ыңғайын білуде жатыр. Ал қалғаны еселі еңбектің жемісі.

PavlIstorUspekh 3

Прочитано 12 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2020 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"