Белсенділер қариялармен бірге дене жаттығуларын жасап, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жаттығудан кейін емдік шай ішіп, қоғамда болып жатқан оқиғалар туралы пікір алмасты. Партия өкілдері өздерімен бірге «Коммунист Казахстана» журналын ала келді. Мұнда журналдың оқырмандары жетерлік.
Іс-шара жастарға да, қарттарға да пайдалы болды. Облыстық комитеттің белсенділері мұнда тағы да келіп, сауықтыру шараларын ұйымдастыруға уәде берді. Клуб қатысушыларының тілегі де осы болды