– Мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Өскелең ұрпақ өткен тарихты білуі тиіс, – деді коммунистер.
Жарыстың алдында қатысушыларға «Сталинград шайқасындағы қазақстандықтар» деген фильм көрсетілді. Осыдан соң колледж студенттері «Рухани жаңғыру» және «Достық» деген топ құрып, білім бәсекесінде бақ сынады. Бұл жерде студенттердің тарихи білімі сарапқа салынды.
Бірінші раундта әр топтың спикері Сталинград шайқасындағы жеңістің Ұлы Отан соғысындағы маңызы туралы пікір білдірді. Кімнің сөзі мен ойы ұтымды болғанын көрермендер анықтады. Екінші айналымда қатысушылар тарихи деректерге негізделген сұрақтарға жауап берді. Жарыстың соңғы кезеңінде әр топтың көшбасшылары шешендік өнерін паш етті. Қорытындысында бір ұпай айырмашылығымен «Достық» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға партия атынан естелік сыйлық табыс етілді.