Турнирде Салихадин Тастамбеков, Тұрсын Бакеев, Магомад Токсабаев секілді ақсақалдар өнер көрсетті. Жарыстың ең егде қатысушысы Нұрмахан Шаухаров жуырда ғана 84 жасқа толды. Оларға Жастар қанатының өкілдері Диана Әбдіғаппар, Дильфуза Мамедова, Эльмира Сайлыбаева және Жасұлан Пернеқұл қарсылас атанды.
Ақсақалдар жарысқа жақсы дайындықпен келіпті. Жастар да қарап қалмады. Турнир үш турдан тұрды. Ал жамбылдық коммунистер жарыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасады. Қатысушылар үшін ыстық шай мен тәтті тағамдар арнайы әзірленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубоктар табыс етілді.
ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті турнирге «Коммунист Казахстана» журналын да ала келген болатын. Ардагерлер партиялық басылымды үзбей оқиды екен. Турнирге қатысушылар жарысты ұйымдастырған облыстық комитеттің активіне алғыс айтты.