Ардагер соғысқа өзі сұранып барған. Ол қанды майдан туралы көп әңгіме айтты. Әбжаппар ата әлдекімдердің тарихты бұрмалауға тырысатынына реніш білдірді.
«Қазір елдің өткен тарихына күйе жағушылар көп. Олар миллиондаған адамның тағдырына құрметсіздік танытып отыр. Мен коммунистік идеяға сенемін. Социализм адамзатқа бағытталған, ал капитализм деген әлдекімдердің мүддесі. Қазір Отан үшін қан төгуге дайын жан бар ма? Әркім өз мүддесі үшін ғана әрекет етеді. Әлем өзгерді. Десе де, мен ашық аспан астында, бейбіт күнде ғұмыр кешіп жатқанымызға тәубе деймін», – деді ақсақал.
Әбжаппар Дайрабаев соғыстан кейін отыз жылдай ұстаздық қызмет атқарды. Сондай-ақ бірқатар жыл Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының Түркістан қалалық филиалын басқарды. Әбжаппар ата қазір де қоғамдағы өзгерістерді қадағалап отырады.
Облыстық комитеттің активі Әбжаппар Дайрабаевты В.И.Лениннің 150 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапаттап, ақсақалға ұзақ ғұмыр тіледі.