Жас коммунистердің бойында сан қырлы талант бар. Олар нағыз концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Домбыра мен баян үні естіліп, қазақ, орыс халық әндері мен билері орындалды. Сонымен қатар қарттарға арнайы дастархан жайылды.
– Бізді ерекше құрметпен қабылдады. Мұндағы адамдар қонақ келсе қуанады. Пансионаттағы өнерді сүйетін адамдардың бізді үнемі күтіп отыратыны қуанышты, – дейді жас орындаушылар.
Көрермендер өнерпаздардың өнерін жоғары бағалады. Зейнеткерлер ерекше көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.
– Біз мұнда тағы да келеміз. Зейнеткерлер үшін өнер көрсетеміз, – деп уәде берді ҚКЖО жастары.