Республика Казахстан, г. Астана, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7

Пятница, 15 июня 2018 12:50

«Шапағат» құтқарушы дөңгелегі

Оцените материал
(0 голосов)

Халықтың мұқтаждығын қамтамасыз етіп отырған «Шапағат»  атты  халықтық жобасының іске асқанына биыл 2 жыл толмақ. Әрине,  ауқымды жоба үшін бұл уақыт –  таптырмас ,еңбегі сіңген жемісті жылдарға айналды. Себебі, осы аралықта көмекке зәру адамдар жобаның үлкен қолдауына ие болды. Атап айтсақ , олар: жалғызбасты тұрғындар, көпбалалы аналар, әкесіз тәрбиеленіп жатқан балалар және физикалық мүмкіндіктері шектелгендер.

«Шапағат» халықтық жобасы – өздерінен ала алған материалдық қолдауға көңілі толып қайтатын адамдарды көрген кезде жүздерінен кернеп тұрған қуаныш байқалады. Бұл олардың үздіксіз жасалып жатқан еңбегінің  толықтай нәтижесі деп түсінеміз. Әсіресе, физикалық мүмкіндіктері шектелгендерге баса назар аударып, денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз екендігін ескеріп отырады. Шынымен де, мүлдем шектеліп қалған адамның жұмысқа орналасып кетуі аса  қиынға соғатыны сіздерге мәлім.  Сондықтан , жоба – қиындықтарға жалғыз төтеп бере алмайтын мұндай шектеулі  адамдарға ерекше көңіл бөліп жатады.

 Жалпы, барлық осы іспеттес жобалардың басты  көздеген мақсаты –  әлемде ешкімнің жалғызсырап , ұмыт қалғанын немесе күнделікті тұрмыста жетіспеушіліктің зардабын тартпауын қалайды.Бұған мысал ретінде , «Шапағат» халықтық жобасын мақтанышпен атап көрсетуге болады.  Себебі , жобаның қол ұшын кез келген уақытта берер  әр бір кең жүректі мүшесі бар кезде , қоғамның жәрдем талап ететін  бір бөлігі шетте қалмасы анық.  Әр күн сайын Астана қаласында орналасқан бұл жобаға келетін адамдар құр қол қайтпайды. Міндетті түрде , киім – кешекпен, азық – түлікпен, ойыншықпен және күнделікті талап ететін заттармен қамтамасыз етіледі. Тек керекті дүниелермен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды  жобаның  бір бөлшегі ретінде қарап, әр жүректің түкпіріне  жылу сыйлайды.  Ал , қолдауды толыққанды алып отырған адамның төрт құбыласы тең болып, өмірде сағы сынбасы  анық.

ERA 3476ERA 3476ERA 3476ERA 3476ERA 3476ERA 3476ERA 3476ERA 3476

Прочитано 98 раз

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2018 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"