Республика Казахстан, г. Астана, проспект Кабанбай батыра 14, корпус 7

Пятница, 15 июня 2018 12:55

Жастарға әлеуметтік көмек көрсету

Оцените материал
(0 голосов)

Тыныс тіршілігі көп мына заманда қоғам бір тектес өзінің дағдысында өмір сүруде. Бір-біріне деген қызығушылығы жоқ адамзат, күнделікті тыныс тіршілікпен әр түрлі әлеуметтік мәселелердің қақ ортасында жүреді.  Бүгінде көп бөлігін құрайтын төменгі тап өкілдері Қазақстанның қоғамдық өмірінде басымдылыққа ие болып отыр. Ел азаматтырына көрсетілетін әлеуметтік жекелей көмек көрсету артуда. Оларға жасалған материалдық, моральдық, құқықтарын қорғау мәселесі қазіргі  таңда қолға алынып отыр. Ал қоғамның бірден бір маңызды үлесін алатын жастар қандай әлеуметтік көмекке мұқтаж? Белгілі  мәселелер туындағанда олар қайда барып көмек сұрай алады?

Білетініміздей жастар мәселесін шешу бұл еліміздің болашағына бірден бір әсер ететін жағдай. Себебі жастар қоғам бөлігінің жас, әрі потенциалды тобы болғандықтан, оның жағдайына мән бермеуі мемлекеттің жіберген үлкен қателігі болар еді.  Яғни, мемлекет өз болашағының даму жолын жақсартқысы келсе, барлық әлеуметтік көмекті қоғамның жас бөлігіне арнағаны жөн. Елімізде жастардың әлеуметтік мәселесін қолға алу мемлекет тарапынан енді ғана көңіл бөлінуде. Бұл мәселені қарастыратын ҚР Жастар мәселесі жөніндегі арнайы органдар қолға алды.

Тәуелсіздік алған сәттен бері  елімізде өз еркімен құрылған әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдар саны артқан. Олар барынша қол ұшын созып, жастар құқығын қорғау мақсатында еңбек етіп келеді. Айта кететін болсақ «Жас Отан», «Қазақстанның жастар парламенті», «Жас лидерлер ассоциясы», «Қайсар», «Қахар», «Абырой» сынды т.б. ұйымдар әлі күнге дейін жастардың қызығушылығын қорғайды. Бірақ та нақты жастар ісімен айналысатын ұйым Қазақстанда құрылмаған . Ерікті ұйымдар болғандықтан, оларға материалдық тұрғыда мемлекет тарапынан қолдау таппайды. Соның есебінен, ұйымдар өз жұмысын тоқтатады.  Біз жастар мәселесі саясатын құқықтық актілердің санымен, өткізілген іс-шаралардың көзге көрінер статистикасы есебінде қарастырмауымыз керек. Оның шын негіздегі жасалған жұмыстарымен, шыңдап келгендегі қорытынды нәтижесінің мемлекетіміздің экономикасына әсер еткенін көруіміз керек. Тұрақты , нәтижелі жұмыс қажет.

 Мемлекет өз тарапынан  қандай көмек маңызды болатынын білуі тиіс. Қандай мәселерге көңіл аударылуы керектігі нақты айқындығы . Жастар мемлекеттен әр кезде әлеуметтік көмек күтеді. Оқу мәселесі, тұрғылықты баспана мәселесі маңызды орында тұр . Қазақстанда тұрғындар санының 25-27% жастар құрайды. Ғылыми зерттетулер нәтижесінде жастардың 70  хронологиялық аурулар мен ауырса, әр жыл сайын  35-38ға дейінгі жастар жас қыздар түсік жасату, ажырасу мәселесі кең етек алуда. Өз өзіне қол жұмсау, нашақорлыққа салыну, жұмыссыздық тағы да бар.

Ел болу үшін алдымен бесігімізді түзеп, еліміздің болашағына алаңдаулы болсақ, бүгінде глобалды түрде орын алып отырған мәселеге негіз қоюуымыз керек. Мемлекеттік деңгейде шешіліп, жастардың құндылықтар бағдарлай алуымыз керек. Сол кезде ғана Қазақстандық әрбір жас азамат  өмірге кірпіш болып қаланады.

Жақиянова Ботакөз

Прочитано 41 раз
Другие материалы в этой категории: « «Шапағат» құтқарушы дөңгелегі Viva la Cuba »

logo

КОММУНИСТИЧЕСКИЙ СОЮЗ МОЛОДЕЖИ КАЗАХСТАНА


КСМК – молодежное крыло Коммунистической Народной партии Казахстана


МЫ В СОЦ.СЕТЯХ

facebook red  vk 

© 2018 Коммунистический союз молодежи Казахстана - КСМК. Все права защищены. Разработка - Веб студия "IT.KZ"